Елордада Қостанай және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтанда «Хан Шатыр( СОО жанындағы алаңында Қостанай және Қарағанды облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтіп жатыр.

Екі күнге созылатын жәрмеңкеде сүт, ет өнімдерін шығаратын республикаға және шет елге танымал кәсіпорын брендтері елордалықтарға 14 аудан мен 7 қаладан 130-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынатын болады. Олардың қатарында «Шахтерское» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Редмилк» ЖШС, «ЕвразиянФудс» ЖШС, «Құлагер», «Дедов» ЖШС, «Мецгер» ЖШС, «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Лидер-2010» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Тэрра» ШҚ, «Қаржау» ШҚ, «TERRA MEAT» ЖШС, «Торғай Ет» ЖШС, «Қорғау» ЖШС, «Sher-777» ЖШС және т.б. бар.






Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шахтерское ауылынан келген агроном Самат Құсайынов елордаға 5 тонна картоп әкелген.





Біздің «Шахтерское» шаруашылығы мұндай жәрмеңкеге 5 жылдан бері қатысып келеміз. 500 гектар көлеміндей жерге бидай егеміз. Одан бөлек картоп егеміз, бүгінгі жәрмеңкеге 5 тонна картоп алып келіп, келісін 75 теңгеден сатып жатырмыз. Шаруашылығымыздың картобын Қазақстанның барлық өңіріне жөнелтеміз. Көбіне Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, сонымен қатар, батыс өңірлер жиі жібереміз. Картоптың «Гала», «Мадейра», «Балтик роуз» (Baltic Rose), «Ред Соня» (қызыл картоп сорты), «Вега» (ақ картоп сорты) сорттарын өсіреміз. Жалпы, тұқымды Германиядан алдырамыз, бүгін неміс селекциясынан «Галаны» алып келдік. Себебі, олар өнімді мол береді, - дейді.



Жалпы, екі өңірдің кәсіпорындары 980 тонна көлемінде 100-ден астам өнім түрін сатуды жоспарлап отыр. Оның ішінде түрлі мал еті – 150 тоннадан астам, сүт өнімдері – 50 тонна; шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері – 20 тонна, балық – 5 тонна; жарма және макарон өнімдері – 30 тонна; картоп пен көкөніс – 60 тонна; ұн – 50 тонна. Сондай-ақ, ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және т. б. кіреді.




Ал, Қарақаралы ауданынан келген Эльмира Түзелова сүт өнімдерін ең төменгі бағамен сатып жатыр.




Негізі майдың бағасы 3500 еді, біз 2500 теңгеден сатып жатырмыз. 30 келі май әкелдік, айран-қымызды да барынша мол әкелуге тырыстық. Жәрмеңкеге уақытынан кеш келсек те, сауда жақсы жүріп жатыр, - дейді.





Жәрмеңкедегі барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылуда. Келушілерге санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қашықтықты сақтауды, маска тағуды және санитайзерлерді қолдану қатаң ескертілген.










Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы