Елордада өртенген тұрғын үй кешені әкімдік есебінен қалпына келтіріле ме

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі 22 маусым күні өрт шыққан «Rixos Khan Shatyr Residences» ТК қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өрт шарпыған тұрғын үй кешенінің жөндеу жұмыстарын Астана әкімдігі мойнына алады деген ақпарат тараған болатын. Дегенмен әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, 22 маусымда Астанадағы «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінің 26-қабатынан өрт шықты. 250 шаршы метрді шарпыған алапат өрттің себебі де белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: елорда әкімдігінің сайты
Өзгелердің жаңалығы