Елордада өрт сөндіру жұмысына екі тікұшақ жұмылдырылды
Елордалық ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері сағат 17:30-дағы жағдай бойынша 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмысын жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бар. Алапат өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Өрт сөндіру штабы құрылды. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
Қалалық ТЖД тұрғындарға сақтық танытып, мынадай сақтық шараларын сақтауды кеңес етті:
* ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз.
* Егер сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска таққан дұрыс.
* Түтіннің пәтерге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда бес адам суға кетіп, ажал құшты
Өзгелердің жаңалығы