Елордада оқушылар арасында шығармашылық фестиваль өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Корей мәдениеті апталығы» мектепішілік іс-шарасы аясында «K-Pop Fest 2022» шығармашылық фестивалі өтті. 

Фестивальді оқушылар Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Назарбаев Зияткерлік мектептері – бүкіл Қазақстан бойынша 5 пен 18 жас аралығындағы дарынды оқушыларға арналған елдегі мектептердің желісі. Ол бастауыш, орта және жоғары мектепті біріктіреді. Қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы ең үздік оқу орны. Одан түрлі білім беру бағдарламалары арқылы ұлттық данышпандар мен таланттар оқытып шығарылады.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және елорда «жақсы аймақта» орналасқандықтан іс-шара офлайн режимде өтті. Корей музыкалық K-Pop жанрының жанкүйерлері, яғни мектеп оқушылары іс-шараны өз бетінше жоспарлап, сценарий жазып, барлық K-Pop қойылымын дайындады. 

Концерттің алдында залға кіре берісте Корей мәдени орталығының ақпараттық стенді орналасып, онда арнайы SNS акциясы өтті.

Сондай-ақ балалар корейлердің дәстүрлі «тухо» ойынына қатысуға мүмкіндік алды. 10 рет лақтырып, оның кем дегенде 3-еуі саз балшықтан жасалған жебені соғып үлгерген қатысушыларға орталық логотипі бейнеленген смартфонның сақина ұстағыштары сыйға берілді. Оқушылар орталықтың дәстүрлі Корей ойындары мен кәдесыйларына үлкен қызығушылық танытып, бірнеше рет жарысқа қатысты.

K-Pop концертінің ашылу салтанатында корей мәдени орталығының директоры Ли Хиран ханым құттықтау сөз сөйледі.

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының Кореяға және K-Pop музыка жанрына қызығушылық танытып, бүгінгі K-Pop концертін өздері дайындағаны мені қатты толғандырды. Мені осы іс-шараға шақырғандарыңызға қуаныштымын. Биыл Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Осыған байланысты Корей мәдени орталығы түрлі қызықты шаралар өткізуді жоспарлап отыр, - деп айтты орталық директоры.

Іс-шара НЗМ түлектерінің жарқын құттықтау сөзінен басталды. Олардың соңынан сахнада кезек бойынша оқушылар дайындаған түрлі нөмірлермен 10 би тобы өнер көрсетті.

Фестиваль соңында ең көп балл жинаған үш команда грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. І орынды «HIX» командасы иеленді, ол Stray Kids тобының «God' s Ddu-Du Ddu-Du» әнімен әсерлі өнер көрсетті, ІІ орынды Aespa тобының «Black Mamba» әніне би каверін дайындаған «Poison» командасы, ал ІІ орынды BLACKPINK тобының «Pretty savage» және NCT U тобының «Boss» әндеріне ремикспен өнер көрсеткен «Luna» командасы иеленді. 

Биыл Корей мәдени орталығы НЗМ-мен ынтымақтастық аясында өткізілген іс-шарадан бастап K-pop музыкалық жанры, корей сериалдары және «Халлю» Корей толқынының басқа да аспектілері арқылы Корея мен Корей мәдениетіне қызығушылық танытқан қазақстандық жастармен тығыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы