Елордада 200-ден астам оқушы сыйлық алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мектепке жол» акциясы аясында 245 портфель мен оқу құралдарының жиынтығы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына берілді.

Бұл туралы кәсіпкер Бауыржан Исабаев мәлімдеді.

Жыл сайынғы акцияға «Отан» бастауыш партия ұйымы мен «Бірлік» қорының белсенділері бастама танытты.


Баланың мектепке баруы әр отбасы үшін үлкен оқиға. Біз бұл мәселеде қиын жағдайға тап болған немесе бірнеше мектеп оқушысын тәрбиелеп отырған ата-аналарға көмектесуге асығамыз. 1 қыркүйек қарсаңында Nur Otan партиясының қолдауымен балаларға осындай сыйлықтар жасау жақсы дәстүрге айналды. Біз оны міндетті түрде жалғастырамыз, - деп атап өтті Бауыржан Исабаев.

Сондай-ақ, ол білім басқармасының басшысы Шолпан Қадыроваға бастаманы жүзеге асыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Балалар атынан біз осы идеяның авторларына рахмет айтамыз. Біз өз тарапымыздан сыйлықтарды шынымен мұқтаж отбасылар алатынына кепілдік береміз, - деп атап өтті Шолпан Қадырова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы