Елордада онкоорталықта емделіп жатқан науқастар дауыс берді
Елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында стационарлық жағдайда емделіп жатқан пациенттер сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың тіркелген жері бойынша дауыс беруге мүмкіндігінің болмауына байланысты Астана қаласы «Есіл» ауданының №225 сайлау учаскесінде сайлауға қатысуға жағдай жасалған.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Санжар Шалекеновтың айтуынша, бүгінде учаскеде стационарлық емделіп жатқан 200-ден астам азамат дауыс береді. Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, сайлау туралы ақпарат бар. Орталық сайлау комиссиясының талаптары сақталуда.
№225 учаскенің сайлау комиссиясы өз жұмысын 7.00-ден бастады және 20.00-де аяқталады.
Сайлау учаскесінде дауыс беруге келген пациенттерге бюллетеньдер берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дауыс беру басталғаннан бері 25 арыз түсті - Бас Прокуратура
Өзгелердің жаңалығы