Елордада Олимпиада күніне орай фестиваль ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні. 1984 жылдың 23 маусымынан бастап бұл күні бүкіләлем халықаралық Олимпиада күнін атап өтуде.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Олимпида күніне орай фестиваль ұйымдастырылды.

 

Айтулы күн бұдан 128 жыл бұрын Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен бекітілген.  Халықаралық Олимпиада күні біздің  елімізде 29-шы рет ұйымдастырылып отыр. Айта кеткен жөн, осы айдың 23-26 аралығында  республика өңірлерінде түрлі спорттық іс-шаралар өтеді. Соның бірі – Солтүстік Қазақстанда Александр Винокуров белошабандоздар арасында спорттық іс-шара өткізбек. Жалпы, әрбір өңір өзінің бейімделген спорттық іс-шараларын өтізіп жатыр, - деді Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

Елсияр Қанағатовтың айтуынша, биыл жаңадан құрылған облыстар  ең алғашқы айтулы күнін атап өтіп отыр.

Бұны бүкіл дүниежүзі атап өтуде. Бүгін елордадағы саябаққа Олимпиада жүлдегерлері келіп, жас спортшылармен сөйлесіп, сұхбаттасып, оларға мотивация беріп жатыр. Жыл сайын лайықты деңгейде ұйымдастырылып келеді. Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Қарап отырсақ, қаламыздың әрбір саябақтарында кешке адамдар толып жүреді. Меніңше, айналысам деген адамға спорт бар. Бастысы, ниет болса – болды, - дейді  бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Мерей Ақшалов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы