Елордада Обаған көшесіндегі учаске уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Обаған көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 25 сәуірі мен 10 мамыры аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Обаған көшесіндегі Балқантау көшесінен Арғанаты көшесі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.
Учаскеде жол төсемін, нөсер кәрізін орнату және аялдама пунктерін және т.б. жайластыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген ведомствоның хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰҚК әлеуметтік желідегі бейнежазба туралы мәлімдеді
Өзгелердің жаңалығы