Елордада «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 27 маусымы мен 4 шілдесі аралығында «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты - көші-қон тұрақтылығын одан әрі қолдау, көші-қонның қаладағы криминогендік жағдайға қолайсыз әсер ету қаупін азайту.                       

Бұл туралы полиция департаментінің баспасз қызметі хабарлады. Полицейлер құрылыс нысандарын, қонақүйлер, жатақханалар, азаматтар көп жиналатын орындарды және шетелдік азаматтар заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексерді. 

Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін 1358 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 98-і елден шығарылды, оның ішінде 8 шетелдік азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылды. 

Сондай-ақ көші – қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 340 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 275 азамат шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзғаны үшін, 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 49 шетелдік азамат елден шығарылды. 

Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша шетелдіктер тарапынан негізгі құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасына келудің, кетудің және болудың белгіленген тәртібін бұзу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы