Елордада өндірістік цех ғимараты өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қыркүйекте сағат 20.25-те елордалық өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Ш.Айманов көшесі, 24 мекен жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша 5 қабатты өндірістік цех ғимаратының 3-қабаты өртенген, одан кейін жоғары орналасқан қабаттарға таралған.
Ауданы 200 шаршы метр өрт сағат 21.14-те ауыздықталып, сағат 22.20-да толық сөндірілді, - делінген хабарламада.
Жалпы өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам және 10 техника жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО мен «Қорғаста» зертханалар ашылады
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы