Елордада науқастар санының өскені байқалады - Бас санитарлық дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтердің қорытындылары туралы онлайн брифингте айтты.
Жыл басынан бері, яғни елордада 13 наурыз бен 28 қазан аралығында 14 510 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 8929 симптомы бар, 5581 симптомсыз болып тіркелді. Қаладағы сырқаттану көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары. Ол 10 мың тұрғынға шаққан кезде 1256-ны құрайды. 14 510 жағдайдың 161-і сырттан келгендер болса, 10 439 жергілікті тұрғын, 3903 байланыста болған адамдар арасынан тіркелді, - деді ол.
Пралиева атап өткендей, амбулаториялық емдеуден жазылып шыққандар саны 13 939 адамды құрады.
Қайтыс болғандар саны - 3319 адам. 230 адам стационарлық және амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Жас құралымы бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 40 жастан жоғары және барлық жағдайдың 42 пайызын құрайды. Туғаннан 18-ге дейін - 8 пайыз, 18-ден 29 жасқа дейін - 22 пайыз, 30-дан 39-ға дейін 28 пайызды құрап отыр. Қалада індеттің бастапқы кезеңінде ерлердің саны басым болып, 60,3 пайызды құраса, 9 айдың қорытындысы бойынша ауырған әйелдердің саны артып, 53 пайызға жетті, - деді ол.
Бас санитарлық дәрігер айтқандай, 8 күннің ішінде репродуктивтік саны 1-ден асқан.
Соңғы 13 күнде репродуктивтік саны төмендеді. Бірақ бүгіннен бастап репродуктивтік саны 1-ден асып, 1,8-ді құрап отыр. Соңғы аптада алдыңғы аптаға қарағанда індетті жұқтыру 1,3 есе немесе 28 пайызға жоғарылады. Қазан айында өсу үрдісі бар аурудың толқын тәрізді сипатын ескере отырып, репродуктивтік санының артуы және төмендеуі қаладағы карантин шараларын жеңілдетуге мүмкіндік бермей отыр. Өздігінен хабарлау және үй ошақтарында байланыс кезінде науқастар санының өсуі байқалады. Бұл тұрғындардың санитарлық талаптарын сақтамай отырғанын көрсетеді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында 173 132 зейнеткер бар
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы