Елордада мыңға жуық жүргізуші қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жол ережесіне бағынбайтын жүргізушілер көбейді. Соның салдарынан жол көлік оқиғасы жиілеген, деп жазады Хабар24.
Қалалық полиция департаментінің дерегі бойынша, жыл басынан бері шаһардағы 6 мың «сергек» камерасының көмегімен 800 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. 1000-нан астам адам жүргізуші куәлігінен айырылса, 849 жүргізуші қамауға алынды. Көлікті мас күйінде тізгіндейтіндер де көбейген. Жүргіншілер де жол ережесін жиі бұзады, дейді мамандар.
Қазір құзырлы орган жүк көліктерінің қала ішінде жүру тәртібіне қатысты арнайы ереже әзірлеп жатыр. Сондай-ақ қалалық Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі үшін мектептердің маңын арнайы жол белгілерімен жабдықтады.
Жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық полиция департаментімен жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру мекемелері маңындағы жол торабына қосымша зерттеу жүргізілді. онда 94 мектеп, 100 балабақша және 11 қосымша білім беру ордаларының жол учаскелері қамтылды. зерттеу нәтижелері бойынша әкімдіктің құзыретті мемлекеттік мекемелеріне 152 нұсқама берілді. қазір 210 учаскеде сары және ақ түсті «жаяу жүргіншілер өтпесі» жол белгілері қалпына келтірілді. 13 білім беру мекемелерінің аумағы бағдаршаммен жабдықталды, – дейді қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында пойыз жылқыларды қағып кетті
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы