Елордада мың адамның салықтық қарызы кешірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда мың адамның салықтық қарызы кешірілді. Бұған жер, көлік, корпоративтік табыс және қосымша құн салықтарынан жиналған өсімпұлдардың сомасы кіреді, деп жазады Елорда Инфо.
Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлағандай, бүгінде елордада 114 мың азамат бюджетке 2,2 млрд теңге берешек. Олардың ішінде ең көп қарызданған тұрғынның төлеуі тиіс салық көлемі – 9 млн теңге. Оның осыншама көлемде өсімпұлы тағы бар. Салықтық қарызының бар-жоғын кез келген адам Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан тексере алады.
«Адам берешегін төлесе, өсімпұлы кешіріледі. Сонымен бірге, амнистия 31 желтоқсанға дейін болады. Осы уақытқа дейін төлесе, өсімпұл толық кешіріледі. Бұдан кейін кешірілмейді», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Азат Есмағамбетов.