Елордада "Музейлер парады" акциясы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда "Музейлер парады" акциясы шеңберінде "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде "Халық дәстүрі – асыл қазына" атты шара өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, оқушылардың бойына отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.Оған Ақмола ауылы мәдениет үйінің "Әжелер" хор ансамблі, "Малиновка" тобы, "АЛЖИР" мұражайының ұжымы және ауыл тұрғындары қатысады. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, көрініс қойылып, ұлттық ойындар ойнатылады.
Сондай-ақ қонақтарға "Алаш", "АЛЖИР" залдары бойынша қазақ, орыс тілдерінде экскурсия өткізіліп, "АЛЖИР"-дің ызғарлы суығы" деректі фильмі көрсетіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Жас маман" жобасы аясында колледждерге халықаралық стандарттарды енгізу жүргізіліп жатыр
Келесі жаңалық
Арқан тартыстан республикалық турнир өтті
Өзгелердің жаңалығы