Елордада "Мұз-2024" республикалық акциясы жалғасуда
Елордалық ТЖД қызметкерлері елорда су айдындарын патрульдеу үшін аэроқайық пен қарда жүретін көліктерді пайдалана отырып, кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шаралардың мақсаты – су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың, әсіресе жұқа мұз қаупімен байланысты орын алатын жағдайлардың алдын алу.
Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап 125 рейд жүргізілді, оның барысында 12 мың үгіт материалдары таратылды. Бұл жадынамалар тұрғындарды мұздағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қыста су айдындарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы хабардар етуге арналған, - деді Астана қаласының АҚБ бастығы Ренат Смағұлов.
Алдын алу шаралары әлі де жалғаспақ. Құтқарушылардың негізгі міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып қала береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр
Өзгелердің жаңалығы