Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-кеңестік қызмет жобасы қорытындыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарашаның 27-і Нұр-Сұлтанда "Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақпараттық-кеңестік қызмет" жобасын іске асыру аясында қорытындылау іс-шарасы өтті.

"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-тың қаржылық көмегі арқылы жобаны "Қазақстан еріктілерінің альянсы" ЗТБ-сы іске асыруда.

Іс-шараға ұйымдастырушылар, БАҚ өкілдері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қызығушылық танытқан адамдар қатысты.

Жобаның мақсаты - түсіндірмелік және ақпараттық қолдау көрсету, күйзеліс жағдайымен күресуге көмектесу, әлеуметтендіру, тұрмыс сапасын жақсарту, дистанциялы түрде жаңа қабілеттер арқасында қалай қосымша кіріс жасауға болатынын көрсету.

Жоба қорытындыларымен қатысушыларды жоба жетекшісі Асыл Оқапова таныстырды.

Бүгінгі күні жоба аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

1) Сәуір айынан қараша айына дейін ұйым негізінде мүгедектігі бар адамдарға ақпараттық қызмет ұйымдастырылды. Барлығы 25 адам офлайн кеңес алды;

2) Сәуірдің 24-і және шілденің 26-ы күндері Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған семинарлар өтті. Семинар барысында тренер интернет алаңын кіріс құралы ретінде қолдану мүмкіндігі туралы айтты. 60-тан астам адам қатысты;

3) Сәуір айынан қазан айына дейін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға онлайн түрде психологиялық онлайн кеңес өткізілді. Барлығы 100 тыңдарман қатысты;

4) Мүмкіндітері шектеулі адамдарға онлайн режимде ақпараттық кеңес берілді. 100-ден артық тыңдарман кеңес алды;

5) Осы жылдың қарашасының 22-інде Алматы қаласында Зағип немесе нашар көретін адамдарға арналған кітапхана алаңында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған семинар өткізілді. 25 адам қатысты.  

Қорытынды іс-шара аясында қатысушылар үшін эксперт және психологтың қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды.  


Тренингті "Алматы қаласы мүгедектер қоғамы" ҚҰ-ның эксперт-координаторы, ҚР білім және ғылым министрінің ерекше оқу қажеттіліктері бар адамдардың инклюзивті білім алу сұрақтары жайлы штаттан тыс кеңесшісі Бегалиева Захира Онғарбаевна өткізді.   

Семинар-тренинг "Барлығына тең IT мүмкіндіктері бар әлем" атты тақырыпқа өтті, семинар-тренинг барысында қатысушылар жаңа технологиялар арқылы әлеуметтік мәселелерді қалай шешуге болатындығымен танысты. Сонымен қоса қатысушылар IT-саласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік және қаржылық тәуелсіздік беретін жаңа мамандықтар алу мәселесін бірге қарастырды, - делінген хабарламада.

Психологиялық тренингті бизнес-тренер, психолог Мустафин Ерлан өткізді.


Тренинг нәтижесі бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтті, ол жерде қатысушылар жобаны жақсартып, мәселелерді шешу үшін не қажет екені туралы өздерінің пікірлерін және ұсыныстарын ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы