Елордада микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Елордада микроқаржы ұйымы талаптарға сәйкес жұмыс істегендіктен лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған. 

Қаржы компаниясы «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларындағы талаптарды негізге ала отырып, лицензиясынан айырылды. 

Белгілі болғандай, қаржы ұйымында қарыз алушылардың борыш жүктемесінің негізсіз ұлғаюына әкелген жағдайлар болған. Яғни МҚҰ-ның жүйелі түрде қызметін теріс пайдаланғанын байқатып отыр. Алайда микроқаржы ұйымын лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды, - деді агенттік.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы