Елордада мейрамхана өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда "Мельница" мейрамханасының шатыры отқа оранды, деп хабарлады BNews.kz. 



Алдын ала болжам бойынша, мейрамхананың шатыры өртенген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мейрамхана Тұран даңғылындағы "Сарыарқа" ойын-сауық орталығына қарама-қарсы орналасқан.  



"Өрт туралы хабар сағат 15:09-да түсті. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы бөлімдері жөнелтілді. Оқиға орнына жеткен кезде "Мельница" мейрамханасы жанындағы қосалқы құрылыстың шатыры жанып жатқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта өртпен күреске 30 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. Эвакуация жұмыстары өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізіліп қойған", - делінген ТЖД таратқан мәлімдемеде.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы