Елордада мерекеге орай көпбалалы аналарға жәрдемақы беріледі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордада 30 мыңға жуық көпбалалы ана, отбасы, аз қамтылған тұрғындар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көпбалалы аналар және соның ішіндегі табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, 8625 теңгеден, әлеуметтік көмек төлем жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 30 мыңға жуық ананы қамтимыз деп отырмыз, – деді әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ.
Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына автоматты түрде аударылады.
Айта кетейік, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Абай өңірлерінде декөпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді.
Бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
A-parking экс-басшыларына қатысты сот үкімі шықты
Өзгелердің жаңалығы