Елордада Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Бүгін елімізде мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Салтанатты мейрамға орай «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында Ту көтеру рәсімі өтті, - деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми аккаунтында. 

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауылы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерекесіне орай Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру үшін этно-мемориалдық кешен алдында сап түзеді. Ту тұғырдағы көк Байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Әнұран шырқалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы