Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін сағат 10:00-де ел астанасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өтеді. Азаматтар елдің басты әнұранын айтып, бір-біріне жолдайды.#МеніңТуым #МемлекеттікРәміздер #БізБіргеміз #МеніңЕлімҚазақстан хэштегтерін қолдана отырып, видеолар азаматтардың жеке парақшаларында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мекемелердің парақшаларында жарияланады.
Бейнероликтер патриоттық сезімді, елорда тұрғындарының бірлігін нығайтуға арналған және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетудің көрінісі. Шараға елорда тұрғындарының барлығы үн қоса алады. Акция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бастамасымен өтеді.
Сондай-ақ, "Астана жастары" КММ 4 маусым күні қала көшелерімен 20 автомобиль мен 10 мотоцикл қатысатын митинг өткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, 1 маусымнан қоғамдық көліктерде мемлекеттік рәміздер туралы бейнематериал таратыла бастады. Ірі сауда орындары: "Евразия", "Астаналық базар", "Аружан", "Жаннұр", "Гүлжан" сауда орталықтарында хабарландыру жарияланған.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік рәміздер – бүкіл әлемде елдің тәуелсіздігін, халықтың патриотизмін, батырлығы мен даналығын, жарқын болашаққа ұмтылысының, мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың бейнесі.
Осы мерекені атап өту және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар іс-шара өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты
Келесі жаңалық
Алматыда биыл 150 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді
Өзгелердің жаңалығы