Елорда мектептерінде Pfizer вакцинасы қалай салынуда? ФОТОРЕПОРТАЖ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада америкалық Pfizer вакцинасын салу науқаны басталғаны белгілі. Қазіргі таңда аталған екпе 12 жастан асқан балаларға салынуда.

Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова және елордалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы №71 мектеп-лицейге барып, балалар вакцинациясының қалай өтіп жатқанын тексерді.


4200-ден астам бала оқитын лицейде вакцинация бүгін екінші күн өткізілуде. Кеше 6 бала екпе алған.




Біздің білім ордасы аралас мектеп болып табылады. 4206 бала білім алады. Балалар вакцинациясы бойынша ата-аналар арасында сауалнама жүргізіліп, екпенің маңыздылығын түсіндірдік. Ата-аналар қойған сұрақтарына жауап ала білді. Бүгінгі таңда бірінші сауалнамадан соң 50 бала екпе алғысы келсе, бірнеше күннен кейін 88 баланың ата-анасы вакцинацияға жазбаша түрде рұқсаттарын берді, – деді №71 мектеп-лицей директоры Шынар Аубакирова.








Екі күнде 6 бала вакцина алды, бір балада басы ауырып, қызуы көтерілген. Ол бала бақылауда, бұл симптомдар қалыпты, түрлі реакцияның болатыны ата-аналарға ескертілген. Одан басқа қатты асқынулар болған жоқ. Әсіресе, вакцинаның қандай әсері болады деген сұрақ көп қойылды. Көпшілігі осындай жұмыстардан кейін мектепте де екпе салдыруға болатынын түсініп, келісімдерін беріп жатыр. Кейбірі мектепке келіп те екпе егу орындарына көре алады. Оған толық құқықтары бар, – деп атап өтті балалар дәрігері, «Салауатты Астана» мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары бөлімінің меңгерушісі Сәуле Есенбаева.





Вакцина салдыратын бала сабақтан босатылмайды. Алайда 30 минут қадағалауда болады, сосын сабағына қайта жіберіледі. Үйіне барарда нұсқаулық беріп, үш күн қалай күтіну керектігі айтылады дейді мамандар.











Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Өзгелердің жаңалығы