Елордада мектеп оқушыларының Ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27-28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайында Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелеріне арналған Ұлттық мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирі өтеді.
Турнирдің ұйымдастырушылары – Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры және БҒМ-нің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Турнирге үздіктердің үздігі – облыстық және қалалық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпаздары қатысады. Мұндай ауқымды іс-шара елімізде 2006 жылдан бері өткізілмеген және ол Елбасы академиясының қолдауының арқасында жүзеге асырылуда.
Жалпы мектепішілік, аудандық, қалалық және облыстық іріктеу турнирлері 40 мыңнан астам оқушыларды қамтыды.
Пікірсайыс – интеллектті байытудың тиімді механизмі, ол тұрақты ойлауды, талдауды, мәселені шешуді және шығармашылық белсенділікті білдіреді, оның көмегімен оқушылар өз ұстанымдарын тұжырымдап, қорғауға, идеялар бәсекесінде құндылықты көруге үйренеді. Заманауи қоғамда жетістікке жету үшін пікірсайыс қабілеті қажет», - дейді «Елбасы Академиясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай.
Турнир жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, команда жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталады.
Аталған турнирге қатысу оқушыларға өздерінің шешендік шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, көшбасшылық қасиеттерін де көрсетуге мүмкіндік береді. Біз мектеп оқушыларының дамуы үшін барынша көп мүмкіндіктер ұсынуға ұмтыламыз, - деді БҒМ РҚББОӘО директоры Раиса Шер.
Шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрігер Pfizer вакцинасының қаншалықты тиімді екенін айтты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы