Елордада маусымның аяғына дейін екі көше ішінара жабылады
Елордада Р.Қошқарбаев даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскедегі Б.Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.
Соған байланысты 8 маусым күні сағат 20:00-ден бастап, 30 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта жүзеге асырылады.
Жұмыстарды кезең-кезеңмен: 1 кезең - Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін. 2 кезең – Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтпаев көшесіне дейін жүргізу жоспарлануда, - деп атап өтті қала әкімдігінен.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аида Балаева Жастар театр форумының қатысушыларымен кездесті
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы