Елордада масамен күрес екі ауысымда жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда маса, шіркей және басқа да жәндіктерге қарсы дезинсекция екі ауысыммен жасалуда. Биыл дезинсекция ауқымы ұлғайды.
Мәселен, аумақты масадан тазарту жоспары 20%, ал су қоймаларын тазарту жоспары 25% ұлғайған.
Масаға қарсы 230 млн шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Ауқымды жұмысқа энтомолог мамандар мен дезинсекторлар жұмылдырылды.Бір маса орта есеппен 300-400-ге дейін құрт салады. Дезинсекция екі ауысыммен жүріп жатыр. Бірінші ауысым сағат таңғы 05.00-ден 12.00-ге дейін, ал екінші ауысым кешкі 20.00-ден түнгі 02.00-ге дейін. Біздің жұмысымыз масаны түбегейлі жоюды емес, санын азайтуды көздейді, – деді дезинсектор Еркебұлан Жалғас.
Су айдындарын тазартуға ерекше мән беріледі. Жұмыс шыбын-шіркейдің көбейетін жерлері мен елорда айналасындағы қорғаныс тосқауылдарында жүреді. Сонымен бірге қаланың ішіндегі аулалар мен қоғамдық орындар (көшелер, сабақтар мен гүлзарлар) заласыздандырылады.
Таяз су айдындарын өндеудің екінші кезеңін бастадық. Қазірдің өзінде 400 гектар тазартылды. Бұл масалардың дернәсіл түрінде су айдындарынан ұшып кетуіне жол бермеу үшін жасалады, – деді "Елордалық дезинфекция" ЖШС-нің Сарыарқа ауданы бойынша меңгерушісі Антонина Маслова.Маса мен шіркеймен тиімді күресуде мектеп, балабақша, денсаулық сақтау нысандары, сауда үйлері мен т.б. жерлерді дер кезінде дезинсекциялау маңызды. Жұмыс күн сайын жүруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы