Елордада Мәмбетов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәмбетов көшесінде Ғұмар Қараш көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты осы жылдың 5 мамыры сағат 15:00-ден бастап 6 мамыр сағат 07:00-ге дейін көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вакцинация процесі сәтсіздікке ұшырады деуге негіз жоқ – министр
Өзгелердің жаңалығы