Елордада мұғалімдерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім саласындағы қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы elorda.info сайты хабарлайды. 

«2019 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан «Жастар» сарайы ғимаратында білім беру саласының қызметкерлері үшін жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтеді», - делінген хабарламада.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады. Оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілер алдын ала әңгімелесуден өтіп, жұмыс берушілерге түйіндеме қалдыра алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы