7 Тамыз 2020 2020, 14:07
Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл үйлер сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй қатарына жатады. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлер арасында бөлінеді. Биыл берілетін пәтер саны - 1 мыңға жуық. Бүгін Абайдың 150 жылдығы, Шұғыла, Қосшығұлұлы, Торайғыров көшелерінде, Төлебаев және Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан үйдің құрылысы барысымен таныстым, - деп жазды Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында.Бұдан басқа, кезекте тұрған (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Келесі жылдарға бағытталған дайындық жұмыстары да басталды.
- Тоқаев креативті индустрияға қатысты түзетулерді бекітті 19:44
- Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 90 журналист арнайы жобаға қатысты 19:21
- Отардағы сарбаз ісі: Сержант үндеу жариялады 19:01
- Бал экспорты рекорд жаңартты: 1 477 тонна шетелге жөнелтілді 18:46
- "Бейбітшілік кеңесі": Газаға дипломатиялық жол ашыла ма? 18:22
- Түркістан облысының тұрғындары жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады 18:00
- Ішкі сауда дамиды: Қазақстан кәсіпорындарына 4,3 млрд теңге қолдау көрсетілді 17:49