Елордада LRT-ның монолитті балкаларын орнату жұмысы аяқталды

Астанада Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында LRT-ның монолитті балкаларын орнату жұмысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздік даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында LRT-ның монолитті балкаларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталды.

Аталған қиылыста эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты учаскеде 2023 жылғы 14 тамыздан бастап қозғалысқа ішінара шектеу қойылған еді.

Осылайша, 25 қазаннан бастап Тәуелсіздік даңғылындағы автокөлік қозғалысы толығымен қалпына келтіріледі және қозғалыс барлық жолақ бойынша жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы