Елордада үлескерлерді алдап кеткен құрылысшының мүлкі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы хабарлады.

«Азбука жилья» компаниялар тобының иесі үлескерлердің 40 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алған Е. Тайжановқа қатысты қылмыстық істі зерделеумен оның қылмыстық жолмен алынған мүлкі – 5 жер учаскесі және LEXUS LX 570 маркалы автокөлігінің бары анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы Тайжановтың халықаралық іздестіруде болуына байланысты Алматы ауданының №2 сотына заңсыз жолмен алынған мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу туралы өтінішхат енгізді.

"Аудандық соттың қаулысымен өтінішхат толық көлемде қанағаттандырылып, Тайжановтың мүлкі мемлекет кірісіне өндіріп алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сот актісі заңды күшіне енді және орындау үшін уәкілетті органға жолданды. Қала прокуратурасы заңсыз кірістер мен ұрланған активтерді тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы