Елордада Land Cruiser көлігі соққан бойжеткен мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Land Cruiser автокөлігі қағып кеткен 19 жастағы тұрғын қаза тапты. Бойжеткен жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіп бара жатқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
19 желтоқсан күні сағат 17.58-де 53 жастағы жүргізуші Тoyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігін басқарып, Әуезов көшесімен Иманов көшесі жағынан бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарынан елорданың 19 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Тексеру қорытындысы бойынша жүргізуші алкогольді ішімдік ішпеген, қазіргі таңда ол қамауда отыр, - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер елордалық жүргізушілерге көктайғақ кезінде аса мұқият болып, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінің алдында қырағы болу керектігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бизнесті қолдау шаралары кейбір салықтық мөлшерлемені «0»-ге дейін төмендетеді – министр
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы