Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтінімдер қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың 21 қаңтарынан 3 ақпанына дейін кәсіпкерлер палатасы оқу орындарының тізімінде тұрған білім беру ұйымдарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысу үшін өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Елордада 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін сұранысқа ие мамандықтар тізімі:
1. Графикалық жұмыстар дизайнері (анимация және бейнографика, веб-дизайнер)
2. Краншы машинист
3. Автомеханик
4. Жиһаз дизайнері
5. Жиһаз жинаушы (ағаш)
6. Техник-электрик
7. Тігінші (тігінші оператор)
8. Шаштаразшы
9. Инженер-программист (киберқауіпсіздік саласының маманы)
10. Ағаш ұстасы
11. Сырлаушы-сылақшы
12. Кондитер
13. Әкімгер
14. Сауда агенті (риэлтор)
15. Наубайшы (жалпы бейін)
16. Өнім менеджері
17. Тәрбиешінің көмекшісі
18. Сауда залының кассирі
19. Дәнекерлеуші
20. Сатушы-кассир (консультант сатушы)
21. Тәрбиеші
22. Аспазшы (жалпы бейін)
23. Слесарь-сантехник
24. Автоэлектрик
25. Визажист
26. Маникюр шебері
27. Smm менеджері
28. Тігінші
Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге хабарласуға болады. Байланыс телефондары: 95-44-16, 95-44-24, 8 775 753 4391.