Елордада «Күй анасы – Дина» атты концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Астана» концерт залында қазақтың әйгілі күйші композиторы – Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Күй анасы – Дина» атты концерті өтті. 


Кештің мақсаты Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазының шәкірті,  орындаушылық шеберлігінде өзіне ғана тән дәстүрі бар күй анасының шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, қайта жаңғырту.


Жас кезінен Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сынды атақты күйшілердің күйін нақышына келтіре орындап, айналасына «домбырашы қыз» атанған күй анасына арналған концертте «Қазақ» оркестрімен кәсіби күйшілер өнер көрсетті.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы