Елордада криминалистер бірқатар велосипед ұрлығын ашты

Тек соңғы айда елордада криминалистер “ізін суытпай” 23 велосипед ұрлығын ашты,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана тұрғыны Skillmax велосипедін үйдің ауласында қалдырып, пәтеріне көтерілген. Сол маңда өтіп бара жатқан қаскүнем мұны пайдаланып, трос-құлыпты кесіп, көлік құралын ұрлап кеткен. 

Криминалистер инновациялық технологияларды қолдана отырып, сол күні-ақ күдіктінің жеке басын анықтады. Ұсталған кезде ер адам ұрланған велосипедпен жүрген. Полицейлер жәбірленушіге мүлкін қайтарып берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы