Елордада Крещение кезінде суға түсуге болатын жерлер белгілі болды

Астанада Крещение мерекесі рәсімі кезінде суға түсуге болатын жерлер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

Биыл Крещение мерекесі рәсімі 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде өтеді. Олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).

Ал жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің оң жағалауындағы, М. Өтемісова атындағы Оқушылар сарайы ауданында, «Гранд Алатау» ТК және сол жағалаудағы «Астана» саябағының жағалауында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің жанында) орнатылады.

Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін қолжетімді болады. Сондай-ақ, жаппай шомылу 19 қаңтар таңғы 8:00-ден 20 қаңтар сағат 02:00-ге дейін жалғасады.

Діни рәсім кезінде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл күні шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: yvision.kz
Өзгелердің жаңалығы