Елордада коронавирусты анықтайтын орталық ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавирусты анықтайтын орталық ашылады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта сынама тапсыратын орын белгісіз. Бұл Ұлттық сараптама орталығындағы ғимарат немесе жергілікті емханалардың бірі болуы мүмкін.

Медицина мамандары сынамаларды арнайы қорғаныш костюмімен алады.

Елорда басшылығы короновирустық инфекцияға қатысты арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыра бастады. Қазіргі кезде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары аясында Үкімет бүгіннен бастап, яғни 13 наурыздан бастап, көпшілік іс-шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдады. Қала басшылығы арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыра бастады. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан әкімдігі және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемияға қарсы режимді сақтау бойынша бірқатар шараларды жүргізуде, - деді Сәуле Қисықова.

 Оның айтуынша, коронавирус диагнозында тексерілетін науқастар төрт санатқа бөлінеді.

Жағдайы жеңіл, орташа және ауыр деген диагноз қойылған науқастар. Сондай-ақ үйде карантинге жатқызылатын науқастар. Барлық осы ауруханалар арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл құралдар тыныс алу жүйесі мен қан айналымы жүйесінің асқынуын емдеуге бағытталады. Қажетті құралдар тізімі жеткілікті мөлшерде, - деді басқарма басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы