Елордада коронавирус жұқтыру дерегі азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева айтты.
Ол қаладағы коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының тіркелуі төмендеуі жалғасуда деп отыр.
Соңғы 10 күнде бір тәулік ішінде инфекция жұқтырған саны 650 жағдайдан аспай тұр. Соңғы аптада орташа тәуліктік тіркелу 470 жағдайды құрады. Нәтижесінде тамыз айында аурушаңдық деңгейі шілдемен салыстырғанда 21%-ға төмендеді, - деді қаланың бас санитар дәрігерінің орынбасары.
Сондай-ақ аптасына аурушаңдықтың төмендеу қарқыны 25%-дан 31%-ға дейінгі көрсеткішке тең көрінеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда алдыңғы аптамен салыстырғанда 31%-ға төмендеген.
Аптасына 3 355 адам індет жұқтырған. Өткен аптада 4920 адам ауырды. Қарқынды көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 258,2-ні құрады, репродуктивтілік көрсеткіш 0,765-ке тең, - дейді Жанна Пралиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы