Елордада көркем гимнастика орталығы қолданысқа берілді

Астанада көркем гимнастика орталығының ашылу рәсімі өтіп, ресми түрде қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су жаңа орталықтың аумағы 1000 шаршы метрден асса, биіктігі 14 метрге жуық. Енді көркем гимнастика талаптарына толықтай сай кешенде гимнасшылар жаттығуларын өткізіп, шеберліктерін шыңдайды. 

Жас спортшылар бұған дейін жаттыққан Тәуелсіздік сарайына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар жарыстарға дайындықты әртүрлі жерде өткізуге мәжбүр болып жүрді. Енді Астанадағы балалар мен жасөспірімдер осы жерде алаңсыз дайындала алады.

Орталықтың ашылу салтанатына Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, № 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебіннің директоры Сайранбек Әбілқайыр қатысты. Самат Жылқыбаев өз сөзінде мектеп ұжымын және жаттықтырушыларды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, бұл орталықтың ғимараты жалға алынған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының спорт басқармасы
Өзгелердің жаңалығы