Елордада көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды

Елордалық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады.

Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көпбалалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталды, 5 пәтер тапсыру сатысында, - делінген ақпаратта.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы