Елордада конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр

Республика күні қарсаңында ат спортының конкур түрінен 50-ге жуық шабандоз бақ сынаған ашық біріншілік өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара Астана іргесіндегі «Этноауыл» құлттық-мәдени кешені аумағында салынған «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына орай өтіп жатыр.

Астана, Қарағанды, Алматы қаларынан келген шабандоздар конкурдың биіктігі мен күрделілігіне қарай үш түрінен өнер көрсетіп жатыр. 

Бүгінгі алғашқы күні ашық біріншіліктің іріктеу сынына 50-ге жуық сәйгүлік қатысты. 

25 қазанда жарыстың соңғы финал ойындары мен «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің ресми ашылу салтанаты өтеді. Спорт кешеннің ресми ашылуы сағат 11:00-ге жоспарлап отырмыз. Ұлттың қуаты – Ұлттық спорт деп ұрандатқан көрермен қауымды бізбен бірге жанкүйер болуға шақырамыз - дейді ат спортының олимпиадалық түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 750 000 теңге. 

Мерекелік шара аясында елорда тұрғындары үшін киіз үй тігіліп, көркем өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, концерттік бағдарлама қатар өтіп жатыр.

Айта кетейік, Республика күніне арналған шара ертең де жалғасын табады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы