Елордада «Көлік ұрлау» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Көлік ұрлау» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. 17 маусымнан бастал5ан шара барысында полицейлер 5 көлікті иесіне қайтарды, ізін суытпай 3 көлікті тауып, 8 аккумулятор ұрлығының бетін ашты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 44 істі анықтап, тиісті шаралар қолданған. 

«Көлік ұрлау» жедел алдын алу іс-шарасы қала аумағында автокөлік салондарынан ұрланған қылмыстық істің «ізін суытпай» бетін ашу, сондай-ақ алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі. 

Елордалық криминалдық полиция қызметкерлері автокөліктерден аккумулятор батареяларын ұрлағаны үшін бұрын сотты болған 22 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдікті 5 АКБ ұрлық жасағанын мойындады. Белгілі болғандай, ол дабылдамасы жоқ жеңіл көліктерден ұрлық жасауға бейімделіп, осы ісін кәсіпке айналдырған. Ұрланған аккумуляторларды металл қабылдау пунктіне тапсырып отырған. ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның қала аумағында бұрын болған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Осыған ұқсас ұрлықтың алдын алу мақсатында елордалық тәртіп сақшылары жүргізушілерге көліктерін ең алдымен, дабылдама жүйесімен жабдықтауға, сол сияқты арнайы күзеті, бейнебақылауы немесе физикалық күзетпен жүрген ұйымдардың аумағына қоюға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы