29 Наурыз 2024 2024, 15:18 Фото: Видеодан скрин

Елордада көкжөтел өршіп тұр

Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада 8 вакцинамен басқарылатын инфекция түрлері тіркелген. Олар көкжөтел, қызылша, паротит, А вирустық гепатиті, туберкулез, тұмау, көкжөтел, Covid-19. Профилактикалық іс-шаралардың арқасында тұмау және Covid-19 бойынша  көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда төмендегінін айтты маман.

Тұмау бойынша сырқаттанушылық алдыңғы жылмен салыстырғанда 22%-ға, ковид-19 9 есеге төмендеді. Ал қызылша -764, көкжөтел – 80 жағдайға, А вирусты гепатиті екі есеге дейін артты. Ағымдағы жылдың 2 айында қызылшаның 764 расталған жағдайы тіркелсе, оның ішінде 519-ы балалар арасында анықталып отыр. Олардың ішінде екпе алғандары -52 бала, екпе алмағаны – 501 баланы құрап отыр, - деді ол.

Сондай-ақ көкжөтелдің соңғы екі айда 80 жағдайы тіркеліп отыр.Оның 60%-ы 4 жасқа дейінгі балаларда кездесіп отыр. Және олардың 91%-ы вакцина алмағандар.

Осындай инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін маман ата-аналарды уақытында вакцина салуға шақырды.