Елордада қоғамдық жолаушылар көлігінің жаңа бағдары ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 тамыздан бастап елордалық қоғамдық көлік жаңа №26 қалалық бағдармен толығады.
Жаңа бағдар «Агроқалашық («Айдана» дүкені) - «Бағыстан» ТК» хабарламасымен қатынайтын болады және Байсейітова, Конституция, Қарталы, Қарасай батыр, Біржан Сал, Гёте, Есенберлина, Бейбітшілік көшелері мен Бөгенбай батыр, Сарыарқа, Тұран, Ұлы дала даңғылдары арқылы жүреді, - делінген CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жаңа бағдар «Бағыстан» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.
Бағдардың сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы