20 Қараша 2020 2020, 12:14
Елордада қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес қоғамдық көлік жексенбі күні жүрмейді. Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.