Әлеуметтік пәтер алатындар қатарына полицейлер, мәдениет қайраткерлері кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қол жетімді баспана көлемі 2020 жылы үш есеге артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
«Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Енді бұл қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі. Іске асыру мәселелері бүгін ҚИК-пен келісілді. Бұдан басқа, кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Сондай-ақ, келесі жылдарға дайындалып жатырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты, – деп жазды Алтай Көлгінов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500 теңге. Қанша қазақстандық біржолғы төлем алды?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы