Елордада киім дүкенінен өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Cotton киім-кешек дүкенінен өрт шықты.
Бүгін сағат 08:54-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел 19/1 даңғылындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде “Cotton” дүкенінде өрт шыққаны анықталды. Өрт болған жерде жеке құрамнан 22 адам және 4 техника жұмыс істеді, - деді қалалық ТЖД.
Өрт 09.22-де ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда бүгіннен бастап сауда орындары жұмыс істей бастайды
Өзгелердің жаңалығы