Елордада халықаралық музыка фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Nur-Sultan Music Awards - 2019» халықаралық музыка фестивалі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
Фестиваль 21 тамызда «Барыс-Арена» сарайында өтеді. Елорда сахнасында Грузия, Франция, Италия, Латвия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстанның музыкалық рейтингтерінің көшін бастап тұрған әртістер өнер көрсетеді."Фестивальда Григорий Лепс, Лобода, Raim & Artur, Лолита, Ержан Максим, Дима Билан, Время и Стекло, Shanguy, Шахзода, Cosmos Girls, Markus Riva және Chingiz өздерінің үздік хиттерін орындайды. Фестиваль сағат 19.00-де басталады", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сыртқы істер министрі Германияға ресми сапармен барады
Өзгелердің жаңалығы