Елордада "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордада жалпы республикалық "Халық заңгері" акциясын өткізеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Акция 2019 жылдың 22 қарашасында "Астана" концерт залының ғимаратында өткізіледі. Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, "Параграф" ақпараттық желілік басылымы және Zakon.kz желісі бірлесіп ұйымдастырады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Кез-келген азамат еліміздің құқықтық қоғамдастығының үздік өкілдерінен қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында прокуратура мен сот органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың заңгерлері бар.
Акция 17:00-де басталады. Байланыс телефондары: 72-66-14, 8-705-659 4405.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті
Өзгелердің жаңалығы