Елордада халықаралық жарыстарды өткізетін жаңа спорт кешені дайын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бірнеше спорт кешені қайта жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты.

Қазіргі таңда елордада 30-дан астам ірі спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 18-і мемлекеттік, 12-сі жекеменшік. Сонымен қатар, 3 спорт нысаны күрделі жөндеуден өтіп жатса, тағы екеуінің құрлыс жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетсек, "Толқын"спорт кешенінің шатырын ауыстырып, ішкі жөндеу жұмыстарын бастап кеттік. "Қазақстан" спорт кешенінде озық технологияларды пайдалана отырып, жаңғырту және пайдалануға беру жобасы енгізілуде. Қазіргі кезде құжат бекітілу кезеңінде. "Астана-Арена" стадионының жасанды алаңы ауыстырылып, киім ауыстыратын бөлмелер жөндеуден өтеді.  Сондай-ақ жеңіл атлетика манежінің құрылысы аяқталды. Енді мұнда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі халықаралық жарыстарды өткізуге болады. Халықаралық стандарттарға сай келеді,- дейді Нариман Еламанов.
Оның айтуынша, "Қазанат" ат шабарының жанынан мүмкіндігі шектеулі балаларды ипотерапия әдісімен оңалтуға арналған ат спорты кешенін тұрғызу және пайдалануға беру жүргізілуде. 
Кешен бір уақытта 250 адамды қабылдауға арналған және 600 адамдық трибунамен жабдықталған. Аталған жоба мемлекеттік жекеменшіктік-әріптестік аясында қаржыландырылды. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде үш жылда 100 денешынықтыру кешенін салуды тапсырған болатын. Соған сәйкес, елордамыздың шет аймақтарында 4 кешен салу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, Қараөткел, Көктал-2, Өндіріс, Теміржол аударының тұрғындары үшін спорт қолжетімді болмақ. Қазіргі уақытта үш кешеннің құрылысы басталып кетті,- дейді басқарма басшысының орынбасары.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы