Елордада кезекті СІМ аралық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасына сәйкес Бішкекте екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары деңгейінде консультациялар өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов, ал қырғыз тарапын – Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев басқарды. 

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қырғызстанға алдағы ресми сапарын, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі басқа да халықаралық іс-шараларды дайындауға ерекше назар аударылды.

Екі елдің ЕАЭО, ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі интеграциялық бірлестіктердегі өзара іс-қимылының проблемалары мен перспективалары жөнінде пікір алмасылды.

Тараптар келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында кезекті сімаралық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы